KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 3 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Қытайлықтар сиырлардан адам сүтін алды

27.02.2012, 18:00 89


Ғалымдар, адамның белоктарымен байытылған сүт беретін сиырлар табынын өсірген. Сүттің өндеуімен Қытай ауылшаруашылық университетінің профессоры Нин Ли басқаратын бір топ ғалымдар айналысты. Генетиктер голштинск тұқымының сиырларын клондап, малдың ДНК-на адамның гендерін енгізген.
Өздерінің ғылыми жұмысын ғалымдар PLoS ONE-да жариялаған. Генетиктер анықтағандай, гендік-модификацияланған малдар құрамында сәбилерді микробтық инфекциялардан қорғайтын лизоцизм-белогі, иммундық жүйенің жұмысын реттейтін лактоферин-белогі және альфа-лактальбумині бар өнім береді. Ғалымдар өзгертілген сүттің майлылығын жоғарылатып, қажетті заттардың құрамын ана сүтінің нормасына жақындатқан. Қытайлық ғалымдардың жетістігіне мал сүтін адам тамағына енгізу тарихын және сүтқоректі жануарларды зерттеу нәтижелері көмек көрсетті. Алайда, көптеген ғалымдар, медиктер мен диетологтар кейбір себептерден қытайлық ғалымдардың жаңашылдығын қолдамай отыр.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив