KZ
Өскемен
туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Белсенді циклон Қазақстандағы ауа райының тұрақсыздығына әсерін тигізеді - 28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

27.02.2012, 18:00 343


Белсенді циклон және онымен байланысты фронтальдық бөліктер 28 ақпан күні Қазақстанның көптеген облыстарындағы ауа райының тұрақсыздығына әсерін тигізеді, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасай отырып,

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
«Республиканың солтүстік аудандары мен шығысында антициклонның әсері сақталып отыр, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады», - дейді синоптиктер.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кейбір жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі, облыстардың жекелеген аудандарында тұман, көктайғақ, Батыс Қазақсатн облысында бұрқасын болуы ықтимал.

Алматы облысында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз жел екпінінің секундына 18 метрге дейін болуы ықтимал, Жалаңашкөл стансасы ауданында оңтүстік-шығыстан секундына 18-23 метр жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман болады деп күтілуде.

Жақын тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан облысындағы аласа таулардағы өзендерде жылымық пен болуы мүмкін жауын-шашынға байланысты тасқындар күшейіп, су басуы мүмкін. 28-29 ақпан күндері Шардара су қоймасына 1400-1420 м3/с. шамасында су келіп түседі.

Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген өзендерінде мұз құбылыстарына байланысты су деңгейлерінің ауытқулары байқалады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив