KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, СБ
464.72 496.32 5.4

Циклон Қазақстанның оңтүстігіне жауын-шашын, жел, тұман әкеледі - 17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2012, 18:00 160


Қазақстан аумағының солтүстік жартысы 17 ақпан күні көлемді антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды ТЖМ-нің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Каспийдің оңтүстігінен республиканың оңтүстік жартысына циклон жылжып келе жатыр. Онымен байланысты атмосфералық ағымдар бұл жерде жауын-шашын түсіп, желдің күшеюіне әкеліп соқтырады. Жекелеген аудандарда тұман болады, деп нақтылайды синоптиктер.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтілуде.

Жамбыл облысының кейбір жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп, тұман, көктайғақ болмақ.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында - кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысында кейбір жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл стансасы ауданында - оңтүстік-шығыстан секундына 17-22 метрге дейін екпінде жел соғып, оның жылдамдығы секундына 27 метрге дейін жетеді.

Жақын тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз құбылыстарына байланысты су деңгейлерінің ауытқулары байқалады. Жекелеген өзендерде су деңгейлері көтерілуі мүмкін. Шардара су қоймасына 17-18 ақпан күндері 1420-1430 м3/с шамасында су құйылуы мүмкін.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив