KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

В.Путинге жасалмақ болған қастандықтың алдын алды

26.02.2012, 18:00 96


Ресей және Украинаның арнайы қызметтері Ресей Үкіметінің басшысы Владимир Путинге жасалмақ болған қастандықтың алдын алды.
Қылмыскерлер президент сайлауынан кейін Мәскеуде бірнеше жарылыс жасауға әзірленгені мәлімделді. Жарылғыш зат Ресейдің астанасына жеткізіліп, Кутузов даңғылының аумағына жасырылып қойған, деп хабарланды РБК-дан. Ұсталған Адам Осмаев, лаңкестік әрекетке әзірлік аяқталуға жақын болғанын және үкіметтің кортежін жару жоспарланғанын мәлім етті. Хабарланғандай, террористерге нұсқаулықтар шешендік экстремистердің басшысы Доку Умаровтан түскен.

«Бірінші арнаның» мәліметіне қарағанда, астыртын әрекетті Одессадағы жарылыстан кейін әшкерелеу мүмкін болды. Мұнда бастапқыда тұрмыстық газ жарылды деген болжам жасалғанымен, кейін украиндық бұл үйде қастандыққа әзірлік жүргізілгені анықталды.

РБК бұл ақпарат бойынша құқық қорғау органдарынан ешбір түсініктеме ала алмады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив