KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
442.05 474.14 4.74

2012 жылы республикалық бюджеттен ауыл тұрғындарын шағын несиелендіруге 3 млрд. теңге бөлінді

23.02.2012, 18:00 137


Ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелендіру бағытында шағын несиелеу көлемі былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда 938 млн. теңгеге артты.
Ол «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның «Ауылдық шағын несие» бағдарламасы бойынша жүзеге асты. Өткен жылы 2,9 млрд. теңге көлемінде 3 939 шағын несие берілді. Оның ішінде 1 169,1 млн. теңгенің 1 587 несиесі - қайтарылған қаржыдан, 1 768 млн. теңгенің 2 352 несиесі бюджеттік қаржыдан берілді. Бұл қаржы 5 228 адамды жұмыспен қамтып, 32 203 бас мал сатып алуға, 5 898 га, жерде егістік жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 2011 жылдан бастап ауыл тұрғындары 1 млн. теңгеге дейін несие алуға қол жеткізді. Бұрын бұл сома 400 мың теңгемен шектелетін.

"Қазагро" Ұлттық холдингінің еншілес компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауылдық жерлерде тұратын және қызмет жасайтын жеке немесе заңды тұлғалар 1 млн. теңге көлемінде 3 жылға дейінгі мерзімге ауылдық шағын несиені ала алады. Бұл қаржы мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуға және ауылдағы бизнестің басқа да түрлеріне жұмсалуы қажет. Кепіл ретінде жылжитын, жылжымайтын мүлік алынады. Несие беруде комиссия алынбайды. Өткен жылы қор тарапынан жалпы көлемі 9,4 млрд. теңгеге 5170 несие берілді. Соның нәтижесінде 9225 адам жұмыспен қамтылды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив