KZ
Өскемен
-3°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Жамбыл облысында бензин таситын машина тіркемесімен бірге аударылып қалды

23.02.2012, 18:00 340


Жамбыл облысының Мерке ауылында бензин тасу кезінде «КамАЗ» тіркемесімен бірге аударылып қалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«23 ақпан күні сағат 17: 00 минөтте Жамбыл облысының Мерке ауылында Сарымолдаев және Исмаилов көшелерінің қиылысында «КамАЗ» автомашинасын жүргізуші (бензин тасушы) тіркемесімен (2 цистерн біреуі 8 тоннадан) көлігін аударып алды. Жүргізуші Мамыров А. 1967 жылы туған АИ-80 маркалы бензинін тасу кезінде басқаруында 1991 жылы туған Р. Диловарова отырған «Фольксваген» жеңіл автомашинасы келіп соққындықтан жолдан кілт бұрылып, КамАЗ жүк көлігімен тіркемелер аударылып түскенін айтады», - делінген таратылған хабарламада.

Апат салдарынан 10 тонна бензин жол бөлігіне төгілген.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив