KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Елбасы Бас муфтимен Қазақстандағы діни жағдайды талқылады

22.02.2012, 18:00 129


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлі Қазақстандағы діни жағдайды талқылады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Бас мүфти Президентті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысы туралы хабардар етті. Кездесу барысында елдегі жалпы діни жағдай және конфессияаралық және этникааралық келісімді одан әрі тереңдету мәселесі талқыланды», - деп атап көрсетілген хабарламада.


Дербісәлінің айтуынша, 11 жыл ішінде Қазақстанда өз мамандарымызды даярлау қолға алынғанан атап өтті. Осы уақыт аралығында 960 имам дайындалды, 9 медресе ашылды, ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді, кітаптар шығарылды.

Мәлiметтiң көзi: Қазақстан жаңалықтары




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив