KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 2 м/с, Ю
450.79 482.21 5.05

Атырауда Түркия азаматы контрабандалық тауарлармен ұсталды

21.02.2012, 18:00 82


Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті «Әуежай Атырау» кедендік қосынының қызметкерлері декларацияланбаған киімнің ірі партиясын анықтады.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, декларацияланбаған тауар «Ыстамбұл-Атырау» бағытындағы № 870 халықаралық әуе рейсі келгеннен кейін ұшып келу аймағында анықталды. Жалпы салмағы 171,5 келі болған тауар 5 қорапқа және үлкен жол сөмкесіне салынған. Ол тәркіленіп, тексерілу үшін әуежай аумағындағы уақытша сақтау қоймасына қойылды.

Тексеру барысында одан 93 ерлер костюмі, 7 кеудеше және ерлердің 11 иленген тері тоны анықталды.

«Ресми мәлімденбеген жүктің иесі Түркия азаматы болып шықты. Сот-тауарлық сараптаманың қорытындысына сәйкес анықталған тауарлардың жалпы бағасы 3 миллион 15 мың теңгені құрады, бұл 100 АЕК-тен асады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп ақпараттандырды Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив