KZ
Өскемен
+33°
ясно жел 2 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Мендельсон маршы есектің үйлену тойына арналыпты

20.02.2012, 18:00 197


Кез келген ғашық жұптардың заңды некеге отыру салтанатын көз алдымызға Мендельсон маршынсыз елестету мүмкін емес. Бұл әуен тіпті барша қалыңдықтың көгілдір арманына айналған десек, артық емес. Алайда осы әжуа әуен о баста есектің үйлену тойына арналып жазылғанын екінің бірі біле бермесі анық.

Аталмыш шығарманы 1826 жылы композитор Мендельсон У.Шекспирдің «Жаз түніндегі түс» атты спектакліне арнап жазыпты. 12 минутқа созылатын туынды Шекспирдің ғажайып ертегі әлеміне жетелейді. Пьесаның желісі бойынша бұл марш сиқырланған патшайымға үйленген есектің тойында орындалады. Спектакльдің премьерасында маршты Феликс Мендельсонның өзі ойнапты.
Бірақ бұл музыка композитордың мықтылығын бірнеше жылдан кейін ғана мойындатты. Оған себеп болған Пруссия тағының иегері ханзада Фридрих Вильгельм IV мен ағылшын ханшайымы Виктория Адельгейттің үйлену тойы. Осылайша ең алғаш үйлену тойы салтанатының әрлеушісі ретінде 1858 жылы 25-қаңтарда орындалыпты. Содан бері Мендельсонның маршынсыз бір де бір той өтпейтін болған.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив