KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
439.43 473.31 4.82

Берешек жойылса, бюджеттің бүйірі шығады

19.02.2012, 18:00 137


Облыс Әкімінің қатысуымен өткен кеңесте бюджет алдындағы берешекті жоюдың жолдары талқыға салынды. Басты назар қарызға белшесінен батқан тұлғаларға және оларға әсер ету шараларына аударылды.

Бюджет және өзге де міндетті бюджеттік төлемдер бойынша берешек жағдайы туралы ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы салық департаментінің бастығы Талғат Мамаев ұсынды.
2012 жылдың 1-ақпанындағы жағдай бойынша салық және өзге міндетті бюджеттік төлемдер бойынша берешек облыста 37 миллиард теңгеден асқан, оның ішінде 35 миллиард теңге (немесе 93 пайыз) – 108 кәсіпорынды тексеру актілері бойынша қалыптасқан берешек. Соған байланысты лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істер қозғалған. Салық органдары былтырғы 17-қазаннан 2012 жылдың 15-ақпанына дейін 35 қарызгер бойынша 4639,6 миллион теңге жинаған, оның ішінде заң күшіне енген сот актілері бойынша 18 кәсіпорынның 1919 миллион теңгесі есептен шығарылған, 7 кәсіпорын бойынша 865,9 миллион теңге шешімнің заң күшіне енуі бойынша есептен осы жылғы ақпан айының соңына дейін шығарылатын болады.
Салық департаментінің бастығы Талғат Мамаев әсіресе әрекеттерінде қылмыстық
сипат бар салық төлеушілерді тексеру нәтижесі бойынша өндіруі үмітсіз берешектердің өсуін тоқтату мәселесін көтерді. Айталық, тек бір ғана кәсіпорын бойынша есептеу нәтижесінде өткен айдағы өндіруі үмітсіз берешек 1485 миллион теңгеге ұлғайған.
Бұл ретте салық департаментінің бастығы бюджетке салықтарды және өзге төлемдерді дұрыс есептеуді бақылау мәселесі бойынша құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу тетіктерін ұсынды.
Атап өтерлік жайт, сот өндірісінде 4435,2 миллион теңге берешегі бар 20 қарызгер бойынша арыз-талап жатыр, олардың барлығы бойынша банкроттық туралы азаматтық істер қозғалған. Сонымен қатар, берешек сомасы 2887,6 миллион теңге болатын 14 арыз-талап қылмыстық істер бойынша сот үкімдерінде, ал берешек сомасы 1547,6 миллион теңге болатын алты арыз-талап қылмыстық істі қозғауды қабыл алмау туралы қаулыларда негізделген.
Қорыта айтқанда, бюджет алдындағы берешекті қайтару бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Себебі, берешек жойылса, бюджеттің бүйірі шығатыны белгілі. Кеңесте осы жағы қатаң ескертілді.
Іс-шара мақсатына жету үшін, яғни, бюджет алдындағы берешекті жою үшін облыс Әкімі кеңеске қатысушылардың барлығына нақты тапсырмалар берді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив