KZ
Өскемен
-26°
туман жел 1 м/с, СБ
515.97 537.8 5.25

Өскеменде бірнеше көше жарықтандырылды

28.04.2020, 03:58 134

Өскеменнің бірнеше көшесіне шам орнатылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала әкімі Жақсылық Омар өткен күзде тұрғындармен кездесіп, есеп берген болатын. Жиында кейбір қала тұрғындары көшелердің қараңғы екенін айтып, шағымданған еді.

Қаланың ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолы бөлімі Зайсан, Высоковольтная, Литвинов, Сейфуллин, Тайбурыл көшелерін жарықтандырды.

Барлығы 126 шам орнатылып, 4987 метр электр желісі тартылды.   

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу