KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

СЕМЕЙГЕ УЛЫ ӨНІМДЕР ҚАЙДАН КЕЛДІ?

16.02.2012, 18:00 224


Семей қаласының дүкендері мен дәріханаларынан адам өміріне аса қауіпті өнімдер табылған. Барлық өнімдер Ресейден жеткізілгені белгілі болды.

Дәріханаға саудалануға түскен шәйдің құрамынан күшән (мышьяк) анықталған. Өндірушілердің сөзіне сенсек, аталмыш химиялық зат ағзадағы холестериннің деңгейін төмендетіп, адамның есірткі мен ішімдікке деген құштарлығын жояды екен. Алайда техникалық реттеу және метрология комитеті облыстық департаментінің бөлім бастығы Ракша Шумаеваның пікірі мүлде басқа. Ол кісінің айтуынша, күшән – өте улы зат және оны үнемі қолданудың ақыры ағзаның толық бұзылуына әкеліп соғады.
Семейліктердің улануы мұнымен шектелмейді. Бұдан басқа тез әзірленетін кеспенің құрамынан ішек таяқшалары шыққан. Ал өнімнің жарамсыздығы мамандар тағамды оның таңбалануы дұрыс болмағандықтан тексере бастаған кезде кездейсоқтықта анықталыпты. Қазіргі уақытта кеспе саудадан толығымен алынды, алайда оның қай уақыттан бері саудаланғаны, қанша адамның сатып алғаны белгісіз. Ішек таяқшалары кеспеге өндіру барысында түскен деген болжам бар.
Бұған дейін Семей шаһарында Big Bon кеспесінен де ішек таяқшасы табылғанын естеріңізге саламыз.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив