KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Шекілдеуік шақтың ба, бойға сырқат таптың ба?..

19.02.2012, 18:00 209


Елге көршілерден келіп жатқан азық-түлік өнімдері қауіп төндіріп тұр. Мәселен, қарапайым «Semki» шекілдеуігі құрамынан қалайы табылса, «Потеха» атты туысынан кадмийдің кәдімгідей көп мөлшері анықталды.

Әлбетте, денсаулыққа зиян келтіретін бұл тектес өнімдерді санитарлық эпидемиялық бақылау мамандары дереу дүкен сүресінен аластатып үлгерді. Дегенмен тауар тұтынғанда, сақтық керек-ақ. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті Мониторинг және талдау басқар­масының бастығы Айгүл Қасымова хабарлағандай, өткен жылы жалпы құны 811 млн теңге тұратын сертификаты жоқ, сапасы көңіл көншітпейтін азық-түлік өнімдерінің 5159 партиясының жолы кесілген. Әлбетте, мұндай заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған тексерулер саны да аз емес - 5114. Солардың 63 пайызында тексерушілердің «қанжығасы майланып» отырған. Сырттан келген азық-түлік құрамынан кадмий мен қалайыдан бөлек, мышьяк пен мырыш та, өзге де зиянды элементтер табылған.

Мәлiметтiң көзi: Айқын




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив