KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Екі-екіден неге өлмейсіңдер?

15.02.2012, 18:00 157


Советхан ағамыз жөн білетін, жол білетін ақсақалдардың қатарына жатады. Жақын-жуықты былай қойғанда, қайтыс болған жай таныс адамдардың да жаназасынан қалмайтыны көпке мәлім.

Бір жылы көрші ауылдағы нағашы жұртынан бірінің соңынан бірі өліп, әлденеше адам о дүниелік болады. Сәкең солардың барлығына да барып, топырақ салған екен. Сол жиынның бірінде қалжыңы қатты нағашыларының біреуі Сәкеңе:
- Тағы келдің бе? Бір-бірлеп көміп, бізді тауысуға айналдың! - деп «соқтығыпты». Сонда ағамыз:
- Шынында да қарызданып-қауғаланып қайта-қайта келемін деп мен де көкжұлын болдым. Өзі, тезірек таусылатындай болып, екіден-екіден неге өлмейсіңдер? - дегенде айналадағы жұрт еріксіз күліп жіберіпті. Ағат сөйлегенін сонда бірақ ұғынған нағашысы:
- Әне, бұл итке дауа жоқ, - деп бұрыла берген екен.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив