KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

БҚО-да Алашорда басшыларының бірі Ж. Досмұхамедұлының 125 жылдығы кеңінен аталып өтілмекші

15.02.2012, 18:00 103


Батыс Қазақстан облысында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, алғашқы қазақ заңгерлерінің бірі, Күнбатыс Алашордасының негізін қалаған Жаһанша Досмұхамедұлының 125 жылдығы кеңінен аталып өтілмек.

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, жаһаншатанушы Дәметкен Сүлейменованың айтуынша, қазіргі кезде мерейтойға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Таяуда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржыландыруымен қайраткер жөнінде деректі фильм түсіру үшін БҚО-ға арнайы топ келмекші.

Негізгі шаралар биылғы күзге жоспарланып отыр. Оның аясында халықаралық ғылыми конференция, ақындар айтысын ұйымдастыру көзделген. Оған дейін Ж.Досмұхамедұлының шығармалары қайтадан басылып шықпақшы. Оралдағы Ж.Досмұхамедов атындағы педколледжде, сондай-ақ Астана мен Алматыда түрлі шаралар өткізілетін болады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив