KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Алты баласымен ескі саяжайды паналаған семейлік Батыр-ана

12.02.2012, 18:00 158


Семейлік батыр ана 40 градустық қақаған аязда алты баласымен ескі саяжайды паналап тұрып жатыр. Жылдар бойы пәтер кезегін сарыла күткен «Күміс алқа» иегері мен оның балалары құлағалы тұрған ескі саяжайды паналауға мәжбүр. Маңайында дүкен тұрмақ, көз қырын салар көршісі болмаса да Жанар Ахметова осы күйіне де шүкіршілік етіп отыр.

Өйткені шенеуніктер бұл көпбалалы отбасына басөа баспана тауып бере алмай отыр. «Бобровка» саяжай телімдерінің арасынан бұл үйді оңайлықпен табу мүмкін емес. Себебі қыс ішінде саяжайда тұрып жатқан жалғыз осы отбасы.
Жанар Ахметованың айтуынша, суық болса да бұл баспана оның отбасын аяздан қорғап отыр. Мұнда тұруға алыс ағайындары рұқсат беріпті. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін көпбалалы ана жалға тұрып жатқан үйдің ақысын төлей алмаған. Бүгінде тұрып жатқан саяжайдың маңында не дүкен, не дәріхана, тіпті көршісі де жоқ. Ең жақын аялдаманың өзіне жарты сағат жүруге тура келеді.
Жанар Ахметова, Семейдегі саяжай тұрғыны:
- Менің жылағанымды көрген балаларым да көз жасын көл етеді. Ешкімге керексіз болып, бұлайша өмір сүруден шаршадық. Бүгін ертең көмір де бітеді, оны алатын ақшамыз да жоқ. Азын аулақ жәрдемақы тамақтан аспайды. Мұндағы ауызсу да таза болмағандықтан, балалардың іші жиі ауырады.
- Су өте ащы, оны ішу зиян екенін білеміз. Дүкеннен су сатып алуды қалта көтермейді.
Пәтер кезегіндегі тізімде Ахметовтер 1586-шы кезекте. Оның үстіне қазір семейде жаңа баспаналар салынып та жатқан жоқ. ТҮКШ қызметкерінің айтуынша, жалғыз басты ананың кезегі міндетті түрде келеді, бірақ таяу уақытта емес.
Светлана Валл, Семей қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:
Біз оған кезексіз пәтер бере алмаймыз. Өйткені оның алдында өзі сияқты қаншама азаматтар кезек күтіп жүр.
Өкінішке қарай саяжай иесі ескертіп қойғандықтан, Жанар Ахметованың отбасы жуықта бұл баспанадан да көшіп, маңайдан осындай саяжай іздеуге мәжбүр.
Балгүл Қажыкенова, батыр ананың қызы:
- Біз әрқайсымызда сабақ қарайтын өз столымыз, өз бөлмеміз болса екен деп армандаймыз. Анамыз біз біраз өскеннен кейін үй береді деп уәде еткен.
Балаларына уәде беруін бергенмен, батыр ананың өзі бұған сене алмайды. Өйткені есептеп көрсе, оның кезегі 2040 жылдан кейін келеді екен. Шенеуніктердің шарасыздығына көзі жеткен «Күміс алқа» иесі еш пайдасы жоқ бұл мемлекеттік награданы әкімдікке қайтарам деп отыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив