KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Тоғыз адамнан тұратын отбасы Семей қорымында тұрады

5.02.2012, 18:00 194


9 адамнан тұратын семейлік Аюповтар отбасы жабық қорым маңындағы күзет үйінде тұрады. «Күміс алқа» иегері атанған отанасы 1106-шы болып баспана кезегінде тұр, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Отбасы тұратын бұл үйдің әбден тозығы жеткендіктен азынаған суық. Жаңа үй алуға немесе салуға отбасының қаражаты жетпейді. Отағасы - етікші. Ал балалардың анасы Айгера жұмыссыз, анда-санда саудаға шыққанымен, табысы мардымсыз. Барлық кіріс – отағасының 20 мың теңге жалақысы, сәбидің жәрдемақысы мен «Күміс алқа» үшін алатын азын-аулақ жәрдемақысы тамаққа әупірімдеп әрең жетеді. Ал қыста сол ақшаның басым бөлігі көмірге кетеді. Үйдің кенжесі жасқа толғанда анасы «Алтын алқа» алып, жәрдемақысы шамалы өсетін көрінеді. Бірақ мұның өзімен балаларды балабақшаға орналастыру мүмкін емес. Бұл көпбалалы отбасына мешітте материалдық көмек беріп, мереке күндері ет, азық-түлікпен жәрдемдеседі екен. Ата-аналардың айтуынша, бұл жерде өмір сүру өте қорқынышты. Балаларды далаға жібере алмайды. Былтыр есік алдынан дәретхана қазғанда адам сүйектері шыққан.

- Кешқұрым және түнде мұнда қаңғыбастар мен вандалдар жүреді. Кей кездері түнде қорыққаннан ұйықтай алмаймыз, - дейді Айгера.

2004 жылы ол баспана алуға құжаттарын өткізіпті. Сол кезде оның кезек номері 1249-шы болған, ал қазір ол 1106-шы. Есептесе, олар пәтер алу үшін әлі 11 жыл күтуге тура келеді екен!

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив