KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 5 м/с, З
441.58 480 4.86

Бүгін шекарашылардың қазаға ұшырауына байланысты қаралы күн өтеді

4.06.2012, 18:00 225


Бүгін маусымның 5 күні Алматы облысындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде шекарашылардың қаза табуына байланысты Қазақстанда қаралы күн өтеді.

Бұл жөнінде кеше Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Арқанкерген» шекара бекетіндегі қазақстандық шекарашылардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2012 жылғы 5 маусымда ұлттық аза тұту жариялансын» деп жазылған хабарламада.

Барлық мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тулар төмен түсіріледі. Телеарналар мен радиода ойын -сауық бағдарламалар мен жарнамалар тоқтатылады.

Естеріңізге салсақ, 31 мамыр күні қазақстандық БАҚ- тар шекара бекетінде орын алған жағдай туралы хабар таратқан болатын. Дәл сол күні шекара қызметі 30 мамыр күні жалынға оранған 13 адамның сүйегі табылғанын, оның 12 шекарашылар, енді біреуі қорықшы екенін мәлімдеді. Жұма күні тағы екі адамның сүйегі табылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары басшыларымен кездесіп, орын алған жағдайды террористік акт деп атады. Мемлекет басшысы үкіметке қаза тапқан шекарашылардың туған -туысқандарына жан жақты көмек беруге тапсырма берді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив