KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Семейдегі Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алау сөнді

31.01.2012, 18:00 182


Семейдегі Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алау сөнді. Оның себебі «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңда екен. Шенеуніктер мемориалды газбен жабдықтауға тендер өткізе алмай отыр, деп хабарлайды «Экспресс-К»-ға сілтеме жасаған КАЗИНФОРМ.

Басылымда айтылғандай, Мәңгілік алаудың өшуі уақытша жағдай және ол қаржыландырудың кешігуіне байланысты. Жылдың басында ТҮКШ бөлімінде газбен жабдықтау тендерін өткзуге қажетті құжаттардың барлығы дайын болған, бірақ кейін техникалық себептерден мемлекеттік сатып алу порталында конкурс өткізу туралы құлақтандыру беруде мәселе туындаған. Бүгінде ұйымдастыру мәселелері шешілді, енді Мәңгілік алауға келісімді бағамен газ жеткізуге ниет білдіретін фирмалардан ұсыныстар күтілуде.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив