KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
480.55 533.75 5.36

ШҚО спортшылары «Kazakhstan Open» додасынан жеті жүлде алып қайтты

25.12.2018, 08:57 258


Астанада киокушинкай-кан каратеден өткен «Kazakhstan Open» халықаралық турнирі шығысқазақстандық спортшылар үшін табысты аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аталмыш додаға ересектермен қатар балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ жастар да қатысқан болатын. Тағы бір айта кетер жайт, биылғы бәсекеде қазақстандық каратешілерден бөлек, Беларусь, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, мен Түркіменстанның спортшылары өнер көрсетті. Аталмыш жекпе-жек түрінің кумитэ және ката дисциплиналары бойынша өткен жарысқа біздің облыстан барлығы 27 спортшы қатысқан-ды. Сайыс қорытындысында оның жетеуі жүлделі орындардан көрінді. Нақтырақ айтсақ, Әлижан Даутов (10-11 жас, 55 келіден жоғары салмақ дәрежесі), Альтаир Әсетұлы (8-9 жас, 30 келі) және Жанель Едлипова (14-15 жас, 55 келі) алтыннан алқа тағынса, Артем Пчельников (8-9 жас, 30 келі), Мағжан Берікқазынов (10-11 жас, 40 келі) және Александра Лисицина (12-13 жас, 40 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді. Тағы бір медальді 35 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілген Бекарыс Сержанов (8-9 жас) жеңіп алды.


Осы ретте, турнир соңынан жарыста қанжығасы майланған жерлесіміздің бірі, семейлік Жанель Едлиповаға еліміздің киокушинкай-кан карате федерациясы атынан «Жылдың үздік спортшысы» атағы берілгенін айта кеткен абзал. Естеріңізге салайық, Жанель осыдан біраз бұрын Болгарияның Варна қаласында өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив