KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Жерлесіміз әлем біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды

12.12.2018, 12:22 209


Жерлесіміз киокушинкай каратеден Болгарияның Варна қаласында өткен Әлем біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды.


Жасөспірімдер арасындағы додаға әлемнің 31 елінен 750-ден астам спортшы қатысып, 32 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. Біріншілікте ел құрамасы сапында қос шығысқазақстандық спортшы да өнер көрсетті. Сол екі жерлесіміздің бірі – салмағы 55 келіден аспайтын 14 пен 15 жастағы қыздар бәсекесінде сынға түскен семейлік Жанел Едлипова үздік үштіктен көрінді.


Жарыс барысында бірнеше қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Жанель тек жартылай финалда ғана сүрінді. Тағы бір жерлесіміз – 40 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Индира Чентаева бұл жолы екінші айналымнан әрі аса алмады.


Аталмыш жекпе-жек түрінен облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Руслан Алшымбаевтың мәлімдеуінше, жаһандық додада қос спортшымыз да ойдағыдай өнер көрсетті. Айта кетер жайт, Жанель мен Индира осыдан біраз бұрын Астанада өткен Азия чемпионатына қатысып, өз салмақтарында құрлық мықтысы атанған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив