KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
439.4 473.54 4.76

«Altay Athletics» желаяқтары Испания мен Кенияда өткен жарыстардың жүлдегері атанды

24.12.2018, 08:25 242


Бүгінде «Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының құрамында өнер көрсетіп жүрген кениялық желаяқтар Испания мен Кенияда өткен халықаралық жарыстарда тамаша нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Атап айтсақ, Кения жерінде ұйымдастырылған Kapsokwony AK жарысында Дэйзи Джипкемейге тең келер ешкім болмады. Он шақырымдық қашықтықты 34 минут 52,7 секунд уақытта жүгіріп өткен Дэйзи халықаралық доданың жеңімпазы атанды.


Дәл осы уақытта «Altay Athletics» клубының тағы бір кениялық өкілі Испанияда жалауын желбіреткен дәстүрлі Cross Nacional Fiestas de la Virgen жарысында жүлдеге талас жүргізген болатын. Сегіз шақырымдық сайысқа қатысқан Нора Джеруто аталмыш қашықтықты 23 минут 58 секундта жүгіріп өтіп, тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив