Жерлесіміз "Әлем барысы" атанды
Жаңа ғана жерлесіміз "Әлем барысы" атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Айбек Нұғымаров алыптар айқасында екінжі жыл қатарынан жеңімпаз атанды. Ол финалда көрермен көзайымына айналған Ерсұлтан Мұзаппаровпен белдескен еді.
Ал үшінші орынды ресейлік палуан оңай олжалады. Олай дейтін себебіміз, гүржі елінің палуаны бұдан бұрынғы кездесуде жеңіліп, финалға шықпадым деп алаңнан бұлданып кетіп қалғандықтан, жарыстан шеттетілген-ді. Содан Роман Бобиков қола иегері болып шыға келді.
Ескертейік, Алматыда Әлем барысы турнирі өтті бүгін. Оған 29 елден спортшылар келіп қатысты.
Оқи отырыңыз