KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

«Торпедо» «Южный Уралдан» да жеңіліп қалды

12.11.2018, 12:05 135


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 24-ші турында Ор қаласында жергілікті «Южный Урал» командасымен кездескен өскемендік «Торпедо» қарсыласына 2:3 есебімен жол берді, деп хабарлайды.


Айта кетейік, бірер күн бұрын жерлестеріміз тура осындай есеппен Башқұртстанның Учалы қаласында «Горняк» хоккейшілерінен айласын асырған болатын. Алайда, бұл жолы сәттілік торпедолықтарға жолдас болмады. Бұл ойында «Торпедо» сапында қорғаушы Николай Глухов пен шабуылшы Максим Капитуров нәтижелі соққылардың авторлары атанды.


Қазір қоржынында 25 ұпайы бар өскемендік ұжым турнир кестесінің 15-ші сатысында орналасуда. Бүгін кешке жерлестеріміз Челябі қаласында жергілікті «Челметпен» кездеспек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив