KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 0,6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

«Торпедо» клубтық антирекордты жаңартты

24.10.2018, 13:49 203


«Торпедоның» сырт айдындардағы жеңілістер сериясы жалғасуда. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында Түмен қаласында жергілікті «Рубинмен» кездескен өскемендік команда қарсыласына 2:4 есебімен жол беріп, клубтық антирекордты жаңартты.


Торпедолықтар қонақта өткізген соңғы тоғыз ойында бірде-бір рет жеңіске жете алмай, турнир кестесінде алғашқы он алтылықтан да тыс қалды. Дәл қазір өскемендік ұжым 17-ші орында орналасуда.


Ал «Рубинге» қарсы матчта біздің команда сапында шабуылшы Талғат Жайлауов пен қорғаушы Николай Глуховтың қанжығасы майланды.


Әзірге қоржынында 16 ұпайы бар «Торпедо» келесі кездесуін өз айдынында өткізбек. 28 қазан, жексенбі күні кешкі сағат 17:00-де басталатын бұл ойында жерлестеріміз «Саров» хоккейшілерімен шеберлік байқасатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив