KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.38 531.63 5.27

Өскеменде соңғы жылдары хоккейдегі қазақ балаларының саны артып келеді

5.11.2018, 08:46 256


Өскемендегі Спорт сарайының баспасөз хатшысы Ернұр Саудагеровтің айтуынша, соңғы жылдары қазақ балаларының хоккейге деген қызығушылығы артып келе жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


–Ата-аналардың дені баламыз Талғат Жайлауовтай мықты хоккейші болсын деп спорттың осы түріне береді. Бұл әрине, қуантарлық жағдай, - дейді Ернұр Саудагеров.


Қазір мұнда  33 бапкер жұмыс істеп, балалар мен ересектерге хоккейдің қыр-сырын үйретуде. Бүгінде бұл мұз айдынында жаттығып жүрген мұзбалақтар болашақта континенталды хоккей лигасында ел намысын абыроймен қорғап жүрген Астананың «Барыс» хоккей клубында өнер көрсетуді армандайды. Солардың бірі – Данияр Қайыров. Ол «Алтай Торпедо» сапында төрт жыл бойы өнер көрсетіп келеді. Байқауымызша, Данияр ойыншылар арасында үлкен беделге ие спортшылардың бірі.


–Бала кезімнен бастап өскемендік «Торпедоның» барлық ойынын тамашалап өстім.Сондықтан торпедолықтар менің спортқа деген қызығушылығымды оятты десем артықайтқандық болмас. Болашақта «Алтай Торпедо» сапынан түлеп ұшып, «Барыс» сынды ел құрамасында ойнағым келеді. Ең бастысы, қаракөз қазақ балаларының да спорттың осы түрінен хабары бар екенін көрсеткім келеді, - дейді Данияр Қайыров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив