KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Даниал Ахметов: Балалар мен жасөспірімдер хоккейіне көңіл бөлуіміз керек

7.12.2018, 13:15 182

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер сұрағына жауап беріп,өңіре атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жанар Сердалина, «BBestnews.kz агенттігі:

– Сіздің ойыңызша, өскемендік «Торпедо» хоккей клубын Құрлықтық хоккей лигасына шығаруға бола ма?


– Өздеріңіз білесіздер, Өскемен – Қазақстан хоккейінің отаны саналады. Біз әрине, командамыздың ең жоғарғы лигаларда өнер көрсетуін қалаймыз. Облыста шайбалы хоккей спортын дамыту мақсатында танымал бапкерлерді шақырудамыз. Мәселен, осыдан біраз бұрын біздің командаларымыздың біріне белгілі экс-хоккейші Ерлан Сағынбаевты бапкер етіп тағайындадық. Дегенмен, өз басым «Торпедоның» Құрлықтық хоккей лигасында ойнағаны дұрыс шешім болады деп санамаймын. Себебі, біз ең алдымен балалар мен жасөспірімдер хоккейіне көңіл бөлуіміз керек. Ал ол үшін біздің командалардың ұлттық лигада ойнағаны шарт. Жастарымыздың қосалқы құрамда қала бермей, көбірек айдынға шыққаны абзал. Бұдан ішкі біріншіліктегі бәсекелестік те артады. Мықты хоккейшілерді дайындап, өз біріншілігімізді дамытқанымыз дұрыс емес пе?! Ал ҚХЛ-ға «Барыс» та жетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив