KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 0,7 м/с, В
479.71 533.77 5.16

«Торпедо» жеңілістен көз аша алмай келеді

4.10.2018, 04:46 158


«Торпедо» жеңілістен көз аша алмай келеді. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 11-ші турында қонақта Тольяттидің «Ладасымен» кездескен өскемендік команда қарсыласына 1:4 есебімен жол берді.


Осылайша, торпедолықтар қатарынан төрт ойында жеңіліс тауып, турнир кестесінде 11-ші орынға бірақ сырғыды. Естеріңізге салайық, осының алдында «Торпедо» ойыншылары пензалық «Дизель», қазандық «Барс» пен самаралық ЦСК ВВС хоккейшілерінен де жеңілген-ді. Сол үш ойында жерлестеріміз бірде-бір ұпайға иелік ете алмады.


Ал «Ладаға» қарсы матчтың тағдыры алғашқы екі кезеңде шешіліп қойды десек те болады. Соңғы үзіліс алдында торпедолықтар қарсыластарынан 0:4 есебімен ойсырай ұтылып жатты. Мисхат Фахрутдинов шәкірттері тек үшінші кезеңнің басында шабуылшы Андрей Белозеровтың көмегімен есеп айырмасын үш шайбаға дейін қысқарта алды. Қорытынды есеп 4:1 «Ладаның» пайдасына.


Әзірге қоржынында 11 ұпайы бар «Торпедо» келесі кездесуін өз айдынында ангарскілік «Ермак» хоккейшілеріне қарсы өткізбек. Бұл матч 9 қазан, сейсенбі күні кешкі сағат 18:30-да басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив