KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

«Торпедо» қатарынан үшінші ойында жеңілді

2.10.2018, 08:01 206


«Торпедо» қатарынан үшінші ойында жеңіліс тапты. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының оныншы турында қонақта Самараның ЦСК ВВС командасымен шеберлік байқасқан өскемендік команда 2:3 есебімен қарсыласына жол беріп, турнирлік кестедегі құлдилауын жалғастырды.


Естеріңізге салайық, осының алдындағы екі ойында жерлестеріміз «Дизель» (Пенза) мен «Барс» (Қазан) командаларынан сәйкесінше 3:4 және 2:6 есебімен жеңілген болатын. Міне, сол жеңілістер сериясы ЦСК ВВС командасына қарсы ойында да жалғасты. Тіптен, бұл матчта көзге түскен қорғаушы Николай Глухов пен шабуылшы Александр Шиннің шайбалары да жеңіс үшін аздық етті. Қорытынды есеп 2:3 самаралық хоккейшілердің пайдасына.


Осы сәтсіздігінен кейін өскемендік команда тағы бір сатыға төмен сырғып, 11 ұпаймен турнир кестесінің 12-ші орнына тұрақтады. Ертең торпедолықтар сырт айдындардағы матчтар сериясын Тольятти қаласында жергілікті «Ладаға» қарсы ойынмен аяқтайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив