KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Өскеменде джиу-джитсуден өткен жарысқа 200-ден астам спортшы қатысты

22.10.2018, 16:27 80


Өскеменде алғаш рет джиу-джитсуден балалар мен ересектер арасындағы ашық қала біріншілігі өтті.


Аталмыш жекпе-жектің не-ваза және адс-комбат-систем деп аталатын түрлері бойынша өткен жарысқа өскемендіктермен қатар Павлодар, Екібастұз және Барнаул (Ресей) қалаларынан келген барлығы 200-ден астам спортшы қатысты.


Облыстық ММА және джиу-джитсу федерациясының басшысы Евгений Жуктың мәлімдеуінше, Шығыс Қазақстанда бұл спорт түрімен айналысатындар саны жылдан жылға артып келеді.


– Дәл қазір Семей қаласында джиу-джитсудің бес, ал Өскеменде екі секциясы бар. Бұл аталған спорт түрінің халық арасында зор танымалдылыққа ие екендігінің тағы бір айғағы. Бүгінгі жарысқа келер болсақ, чемпионатқа қатысушылар бірнеше сламақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтап қана қоймай, Павлодар қаласында өтетін ел біріншілігіне берілетін жолдамаларды сарапқа салды. Осы ретте, келер жылдың ақпан айында облысымызда жастар арасындағы ел чемпионаты да өтетінін атап өткім келеді, – дейді ол.


Жарыс қорытындылары бойынша джиу-джитсудің адс-комбат-систем түрінен өткен сайыста Рустам Мұратов, Ринат Кенжебеков, Қанат Тілеубергенов, Олжас Тұрдығазин, Аманжол Қайса, Ерасыл Сәдуақасов Белгіжан Сейтенов, Ерік Рахимов, Ернұр Нұрекенов сынды спортшылар топ жарып, алдағы елі біріншілігінде облыс намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив