KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

1840 жылы Таскескенге құлаған "Қарақол" метеориті қазір қайда?

22.10.2018, 06:26 298


Челябинскіге түскен метеориттей күн сайын жер бетіне қаншама метеорит түсіп жатыр десеңізші... Тек олардың көлемі кішкентай,болмаса жерге жетпей жоғалып кетеді.


Мәселен, ғылымда «Қарақол» деген атпен белгілі метеорит 1840 жылы 9 мамыр күні бүгінгі Үржар ауданына қарасты Таскескен ауылының жоғары жағына түскен.  Картада бұл жер «Қарақол бекеті» деп белгіленіп тұр.


Кезінде осы өңір арқылы жергілікті халық Үржар, Көктұманы (Бақтыны) басып, Шәуешек қаласына кіре тартыпты. Ал «Қарақол метеоритінің» салмағы 2788 грамм. Ол қазір Мәскеудегі В.И. Вернадский атындағы геохимия және сараптамалы химия институтының мұражайында ғарыштан келген құнды жәдігер ретінде сақтаулы.


Мына суретті сол мұражайдан белгілі музыкатанушы, этнограф-ғалым жерлесіміз Жарқын Шәкерім түсірген. Жалпы, қазір егемендік алып, өз еңсемізді түзеген шағымыз ғой. Егер өзімізге алдырсақ, бұл жәдігер өлкетану мұражайының өте құнды жәдігері болып саяхатшыларды тартары анық еді, амал бар ма...

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив