Семейде есту қабілеті төмен жандар арасында өнер байқауы өтті
Семейдегі қалалық мәдениет сарайында есту қабілеті төмен жандар арасында өткен Халықаралық байқаудың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл конкурсқа еліміздің әр өңірінен және Ресейдің Барнаул, Томск қалаларынан суырылып шыққан дарынды өнерпаздар қатысты.
Қатысушылар "Ең үздік-би", «Халықтық орындау», «Үздік театрландырылған қойылым» аталымдары бойынша сынға түсті. Сахнада олар әрбір сөзді іс-қимылмен айтып жеткізіп, көпшілікті ерекше әсерге бөледі.
Жарыс қорытындысы бойынша Қызылжарлық өнерлілер бас жүлдені қанжығаларына байлады. Сондай-ақ, Семей мен Талдықорғанның командалары 1-ші және 2-ші орындарды өзара бөліссе, ал Ресей мемлекетінің атынан өнер көрсеткен талантты жастар үшінші орынға қол жеткізді.