KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Семейде көмір мәселесі ушығып тұр

8.10.2018, 04:36 146


Былтыр Семейде орын алған отын тапшылығы талай адамдарды әбігерге салған болатын. Тіпті, адамдардың ағаш көмір үшін бір-бірімен жаға-жыртысқан видеолары бүкіл әлеуметтік желілерге тез таралып, тұрғындардың арасында қызу талқыға түскен еді.


Биыл да көмірге қатысты даулы мәселе әлі күнге дейін тоқтар емес. Жылыту маусымы басталмай жатып, семейліктер көмірдің сапасына наразылық білдіруде.


-Көмірдің сапасы өте нашар. Тас құмы аралас болғандықтан тұтынушыларға сатудың өзі ұят,-дейді Бейбіт Алдабергенов.


Бұнымен қоймай, таңғы бестен қаз-қатар тізіліп, қатты отынды сатып алуға келген алыпсатарлардың кезегі де еш азаймай тұр.


-Үш-төрт күн осы жерде кезегімізді күтіп түнейміз. Жүргізушілер арасында күнде қырқыс. Осыдан кейін қалайша біз отынды 8600 теңгеден сатамыз. Жанармайдың бағасы болса шарықтап тұр. Отбасымызды қалай асыраймыз. Ол жағын ешкім де ойламайды. Ал халықтың алып жатқаны тасқа толы көмір,- деді Ұлан Нартбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив