KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

«Барсқа» овертаймда жол берді

20.12.2018, 05:24 135


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының  36-шы турында Өскеменде қазандық «Барс» командасымен кездескен «Торпедо» қарсыласына овертаймда жол беріп қойды.


Бұл матчтағы есепті айдын иелері ашты. Бірінші кезеңнің жетінші минутында шабуылшы Александр Куваевтың соққысы нысанаға дөп тиді. Дегенмен екінші жиырмаминуттықтың соңында қонақтар Дмитрий Литвиновтың көмегімен таразы басын теңестіріп кетті. Үшінші кезеңде де командалар бір-бір мәрте көзге түсіп, кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. «Торпедо» шабуылшысы Кирилл Полозовтың шайбасына татарстандық ұжым Артем Валеевтің дәл соққысымен жауап қайырды.


Алайда, бұл күні сәттілік айдын иелеріне қарағанда қонақтарға көбірек жолдас болды. Овертаймның екінші минутында Никита Сошниннің шайбасы «Барс» хоккейшілеріне жеңіс пен кезекті екі ұпайды сыйлады. Ал торпедолықтар болса, бір ұпайды қанағат тұтты.


Әзірге 39 ұпайы бар Мисхат Фахрутдиновтың шәкірттері турнир кестесінің 15-ші сатысында тұр. Келесі кездесуін жерлестеріміз ертең, жұма күні, өз айдынында самаралық «ЦСК ВВС» командасымен өткізеді. Бұл ойын кешкі сағат 18:30-да басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив