KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Оқушылардың психотропты «құлпынай» кәмпиттен улануы. Бұл ақпарат рас па?

2.10.2018, 09:36 96


Соңғы кездері ата-аналардың  вайбер-чаттарында белгісіз біреулердің мектептердің маңы мен автобус аялдамаларында оқушыларға есірткі қосылған «құлпынай» кәмпиттерін таратып жүргендігі жайлы жаңалық лезде тарап кетті.  — Мұны кәмпит екен деп ойлап жеп қойған балалар «белгісіз заттан улану» диагнозымен ауыр халде ауруханаға түседі екен, - деп бұл жайтқа алаңдаған ата-аналар қазір де бірін-бірі жарыса ескертіп жатыр. СМС-хабарландырудың бас жағында «бұл ақпарат білім бөлімінен түсті» дегенді оқыған ата-аналардың сенбеске лажы жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Білім бөлімінен хабарландыру түсті. Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға түсіндіруді сұраймыз. Мектептердегі жаңа препарат...Мектепте балаңыз болмаса да жақындарыңызды ескертіңіз. Ата-аналар бұл есірткі туралы білуі тиіс. Бұл жаңа препарат «құлпынай» атауымен белгілі. Өйткені құлпынай қосылған поп-рокқа (ауызда шыжылдап еритін кәмпит) ұқсайды. Иісі де құлпынайға ұқсайтын бұл препарат мектеп аулаларында балаларға тегін таратылады. Мұны кәмпит екен деп жеп алған бала ауыр халге түседі. Мұндай есірткі шоколад, арахис майы, кола, шие, жүзім және апельсин түрінде де жеткізіледі. Сондықтан балаңыздың бейтаныс адамдардан кәмпит алмауын қадағалаңыз. Барлық ата-ананы хабардар етіп, қайғылы жағдайдың алдын алу үшін осы электронды хатты мейілінше көп адамға таратыңыз (мектепте баласы болмаса да)».



Осы СМС-хабарландырудың рас-өтірігін білу үшін Өскемен қалалық ішкі істер басқармасына барған едік.


Өскемен қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «құлпынай» конфеттері жайлы ақпарат расталмады. Яғни, мұндай жағдай біздің өңірде орын алмаған және тіркелмеген.


Тәртіп сақшыларының айтуынша, қоғамды дүрліктіріп, үрей тудыру    мақсатындағы мұндай жалған хабарландырулар бұған дейін де болған. Мұндай жалған ақпараттар негізінен түрлі мессенджерлер немесе әлеуметтік желілердің рейтингін көтеру үшін таратылуы да мүмкін.


Дегенмен, Өскемендегі  №20 мектептің педагог-психологы Айман Абылқасымованың айтуынша, оқушылардың төмендегі сақтық ережелерін білгені жөн:


* Бейтаныс адамдармен сөйлеспе және оларды үйге кіргізбе.


* Олармен лифтіге және кіре беріске кірме.


* Бейтаныс адамның көлігіне отырма.


* Мектептен кейін, әсіресе қараңғы түскеннен кейін көшеде көп жүрме, ал егер бейтаныс адам жай ғана керекті көшені көрсетуді немесе қолдорбаны көтерісуді, дүкенге шығарып салуды өтінсе, бәрібір «жоқ» деп айт!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив