Инстаграмды құрастырғандар жұмыстан кетіп, жаңа жоба бастамақ
Инстаргам желісін құрған Кевин Систром мен Майк Кригер компаниядан кетуге арыз жазды.
– Инстаграммен 8 жыл, фейсбукпен 6 жыл жұмыс істедік. Майк екеуміз де ризамыз. Жаңадан өмір бастасақ дейміз, – депті Кевин өз арызында. Бұл арыз желіде таралып кетті.
Ньюс Йорк Таймс газеті жазғандай, сервис басшысы Систром мен компанияның техникалық директоры Кригер жұмыстан кетсе, Инстаграмның болашағы бұлдыр болмақ. Компанияның өзге өкілдері бұл жайлы ештеңе айтпай отыр, әзірше.
Кейбір басылымның екі азамат жаңа желі ашпақ екендігін жазып жатқанын да айта кетейік.
Оқи отырыңыз