Семейде «Алтын адамның» көшірмесі көрсетілді
Шіліктіден 2004 жылы табылған «Алтын адамның» алғашқы көшірмесі Астанадағы Ұлттық музейге қойылған болатын. Енді, міне, тағы да бір осыған ұқсас экспонат қаламыздағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында пайда болды. Осыған орай, күні кеше ғана Семейде осы әйгілі Алтын адамның тұсаукесері өтті.
Тағылымды шараға қала жастары, журналистер қауымы жəне көптеген профессорлар мен ғалымдар келіп қатысты.
Салтанатты жиын барысында белгілі тарихшы, археолог, профессор Амантай Исаұлы бастаған бір топ қоғам қайраткерлері құнды жәдігердің тарихымен бөлісіп, өздерінің келелі ойларын ортаға салды.
Жарты жылдан астам уақыт жасалған, әдемі тастармен көмкерілген костюм сирек кездесетін материалдармен безендірілген екен. Көшірменің авторы - танымал қазақстандық суретші-реставратор, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қырым Алтынбеков.
Айта кетейік, осы аптадан бастап мектеп оқушылары кез-келген уақытта «Шілікті алтын адамын» тегін тамашалап, естелік суретке түсе алады.