Семейге 300 емес, шын мәнінде 1200-дей жыл болды
Семейліктер жыл сайын қыркүйектің төртінші жексенбісін думандатып өткізетін еді. 2018 жылы 300 жыл толады деп айтылып жүрген болатын бұрын.
Биыл қоғам белсенділері бұл санмен келіспейтіндігін айтты. Семейге, шын мәнінде, 1 100-1 200-дей жыл болды деген пікір айтты олар. Жергілікті билік өкілдері осындай мәселеден кейін мерекені қаланың 300 жылдығы деп емес, қала күні деп қана атап өтетіндігін мәлімдеді.
Айта кетейік, мерекелеуге бюджеттен 10 миллион теңге қарастырылыпты. Мерекеде спорттық және мәдени іс-шаралар болады. Той 23 қыркүйек күні орталық алаңдағы эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концертпен түйінделеді.