KZ
Өскемен
переменная облачность жел 4 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Өскеменде "колхозка" сатушылар тағы да полиция назарына ілінді

19.09.2018, 04:47 142


Өскемендегі Колхозная көшесінде кілең "колхозка" сатушы тұрады. Әлбетте, заңсыз. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 11 мәрте рейд жүргізіп, 3 тонна ішімдік тәркілеген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


11 рет жүргізілген рейдте, кімнің қанша рет «ұсталғанын» кім білсін, 14 факты тіркеліпті.


Өткен аптада ғана көрші тұратын екі адам әкімшілік жауапқа тартылыпты. ҚР әкімшілік кодексінің 463 бабына сай, екеуіне де хаттама толтырылған.


Облыстық ішкі істер департаменті заңсыз саудамен күресуді тоқтатпаймыз деп отыр. Рейд жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив