KZ
Өскемен
переменная облачность жел 4 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Семейде тегін білім беру орталығы ашылды

18.09.2018, 11:53 109


Шығыс Қазақстанда биылдан бастап асқақ армандарына қанат қаққалы отырған жас азаматтарға қолдау білдіру үшін «ZHAS PROJEСT» жастар корпусын дамыту жобасы өз жұмысын бастаған болатын.


Қазіргі таңда бұл пилоттық бағдарламада жеңімпаз атанған көптеген Семейдің жастарына - Халықаралық қайта құру және даму банкі 1 млн. теңгедей қаржылай қолдау білдіріп отыр. Енді, міне, қыркүйек айынан бастап 20 болашақ кәсіпкер шағын кәсіптерін бастағалы жатыр.

Солардың алғашқылары болып Балнұр Есболатова және оның команда мүшелері кеше ғана өздерінің «Zhas Study» деп аталатын білім беру орталығын ашты.


Салтанатты жиынға Семей қаласының Жастар ресурстық орталығы КММ директоры Олжас Соғымбай арнайы қатысып, мектептің алдағы уақытта әлі талай толағай жетістіктерге қол жеткізетіндеріне сенім білдіріп, жастарға сәттілік тіледі.


Бұл орталық осыдан былай әлеуметі аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларды 6 ай көлемінде тегін оқытатын болады. Нақтырақ айтқанда, өз ісінің нағыз мамандары 12 мен 17 аралығындағы жас жеткіншектерді компьютерлік сауаттылыққа, журналистика саласының қыр-сырын меңгеруге, сондай-ақ француз/ағылшын тілдерін үйретпек.


Айта кетейік, арнайы курстарға әлі де болсын жазылуға мүмкіндік бар. Барлық толық және қосымша ақпаратты 8(747) 420-32-06 нөміріне хабарласып біле аласыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив