KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

«Алтай» мен «Оқжетпес» тең тарқасты

20.05.2018, 03:02 147


Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының тоғызыншы турында өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдаған «Алтай» ұпай жоғалтып, турнир кестесіндегі екінші орнынан айырылып қалды. 


Жалпы, Семейде өткен бұл ойында алтайлықтар айтарлықтай басымдыққа ие болған. Алайда, бұл күні жерлестерімізге сәттілік жолдас болмады. Бірінші таймда «Алтай» ойыншылары қарсылас қақпасына бірнеше рет қауіп төндіргенімен, таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Ал екінші таймның басында көкшетаулық команданың қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленіп, оны шабуылшы Дәурен Қайқыбасов мүлтіксіз орындады.


Дегенмен қонақ команда футболшыларының да бұл ойында айтары бар екен. Көкшетаулықтар кездесудің 69-шы минутында Санат Жұмахановтың көмегімен таразы басын теңестіріп кетті. Бұл есеп ойын соңына дейін өзгерген жоқ. 1:1.

Осы кездесуден кейін 17 ұпай жинаған «Алтай» турнир кестесінің үшінші сатысына сырғыды. Дәл осынша ұпайға «Оқжетпес» командасы да ие екенін айта кеткен орынды. Ал екінші сатыға соңғы турда көш басындағы шымкенттік «Қыранды» ұтқан «Тараз» көтерілді. Жамбылдық команданың қоржынында қазір 18 ұпай бар.

Келесі турда Сергей Тимофеевтің шәкірттері сырт алаңда Теміртаудың «Шахтер-Болатына» қарсы кездесу өткізеді. Бұл матч 26 мамыр, сенбі күні ойналмақ.



 










Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив