KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 5 м/с, СБ
444.79 481.04 4.95

Азия ойындарының жүлдегерлері Семейде баспасөз мәслихатын өткізді

12.09.2018, 07:59 195


Күні кеше ғана Индонезияда өткен XVIII Жазғы Азия ойындары өз мәресіне жеткен болатын. Дәл осы жаҺандық додаға Семейден 7 спортшы қатысқан еді. Олардың көбісі дерлік жақсы нәтижеге қол жеткізді.


Нақтырақ айтсақ, Данияр Қайсанов (еркін күрес), Ерасыл Қажыбаев пен Зере Бектасқызы (дзюдо) күміспен күптелді. Ал биіктікке секіруден 20 жастағы Надежда Дубовицкая және дзюдодан Гүлжан Исанова қола жүлдеге ие болды.


Осыған орай, шығыстың спортшылары мен бапкерлері журналистерге арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Кездесу барысында алған әсерлерін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.


-Надежда - қатысушылар арасында ең жас спортшы. Қарсыластары өте мықты болды десем де артық айтпаспын. Араларында Әлем чемпионаттарында топ жарып жүргендер де бар. Бірінші мәрте қатысып, осындай толағай жеңіске жетіп отырғаны үлкен еңбектің арқасы деп ойлаймын. Сондықтан да бұл қола медаль алтынмен тең, - деді Надежданың тренері Иван Хижняков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив