ШҚО әкімінің сыйлығына байқау жарияланды
фото: old.syrboyi.kz
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына журналистер арасында байқау жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
«Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығына өтінім беру ережесін ұсынамыз.
- Жалпы ережелер
- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына журналистер арасындағы байқау Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық және дамуының өзге де өзекті мәселелерін жариялайтын өңірлік және республикалық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер, 10 000-нан кем емес жазылушылары бар (достары) блогерлер/қоғамдастықтар әкімгерлері арасында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы – Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы болып табылады.
- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына журналистер арасындағы байқау Шығыс Қазақстан облысының дамуына және тыныс-тіршілігіне ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара болып саналады.
- Байқауға қатысу үшін қатысушылар, байқауға қатысуға арналған сауалнама нысанын (Қосымша 1) толтырып, сауалнамада нақты номинациясын көрсетуі және жарияланымдарын ұсынуы қажет.
- Байқауды ұйымдастыру тәртібі
- Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, қоғамдық даму басқармасының веб-сайттында орналастырылады.
- Барлық номинациялар бойынша байқауға қатысуға қажет материалдар қағаз немесе электронды түрде 2024 жылғы 20 маусымға дейін:
- қағаз түрінде – ШҚО, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ғимараты) 2-қабат, 237 кабинетке;
- электоронды түрде «Байқауға» деген белгімен 264707@mail.ru электронды мекенжайына немесе 87758333083 телефон нөмірінен анықтауға болады.
- Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» (ҚР Президенті Жолдауының ШҚО іске асырылу барысын жария ету);
- «Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Адал қоғам» (өңірді дамыту мәселелері бойынша билік пен азаматтық қоғам диалогын жария ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған материалдар);
- «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» (облыстың индустриялық-инфрақұрылымдық дамуы жобаларының, тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысының іске асырылуын жария ету, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша жарияланымдар);
- «Білімді және Дені сау ұлт» (облыстың орта/кәсіби/жоғары білім саласының дамуы туралы материалдар, денсаулық сақтау саласының қызметі, салауатты өмір салтын, спортпен шұғылдануды дәріптеу);
- «Еңбек адамы» (патерналистік және масылдық көңіл-күйді азайту, қоғамда жұмысшы мамандықтарына және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған шараларды түсіндіру);
- «Шырайлы Шығыс» (әлеуметтік желідегі ШҚО туралы үздік бейнематериалдар);
- «Объективтегі өмір» - «Үздік мобилограф» (Әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram және TikTok) танымал топтар мен пабликтер, мобилографтарға арналған номинациялар).
- «Үздік баспасөз хатшысы («қоғаммен байланыс мамандары») – Шығыс Қазақстан аумағындағы мемлекеттік мекеменің баспасөз хатшысы.
- Сыйлық лауреаттарын байқау комиссиясы анықтайды (бұдан әрі – Комиссия). Қандай да бір нақты номинациялар бойынша лайықты жеңімпаздар анықталмаған жағдайда, Комиссия қаржыны басқа номинацияларға бөлуге немесе ынталандыру сыйлықтарына жұмсауға құқылы.
- Соңғы 3 жыл ішінде облыс әкімінің сыйлығына ие болған журналистердің жұмыстары қарастырылмайды.
- Өтінімдерді қабылдау аяқталған соң, материалдар қарау және бағалау үшін байқау комиссия мүшелеріне беріледі.
- Комиссия шешімі қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
- Комиссия отырысы оның мүшелерінің 2/3 бөлігі отырысқа қатысқан жағдайда ғана заңды болып табылады.
- Комиссияның шешімі хаттама арқылы рәсімделеді.
- Комиссия мүшелері облыс әкіміне грамоталар және алғыс хаттармен марапаттауға лайықты үміткерлер туралы ұсыныстар енгізеді.
- Сыйлықтарды Шығыс Қазақстан облысының әкімі немесе облыс әкімінің орынбасары табыстайды. Сыйлықтар тиісті дипломмен бірге беріледі.
- Байқау материалдарын бағалау және іріктеу рәсімдері
- Байқау жеңімпаздарын ұсынылған материалдар негізінде Комиссия келесі талаптар бойынша анықтайды:
- белгіленген тақырыпқа сәйкестік;
- жаңашылдық;
- көтерілген мәселелердің өзектілігі және шығармашылық талдануының тереңдігі;
- мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы;
- авторлық тұжырымдаманың дербестігі;
- жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы;
- журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі;
- материалдардың объективтілігі;
- кәсібилік және мазмұндау шеберлігі;
- мәселенің қойылуы және оның жан-жақты ашып көрсетілуі;
- жұмыстардың шығармашылық толымдығы;
- сыртқы безендірілуі.
- Өтінімдерді беру тәртібі
- Облыс әкімінің сыйлығына үміткерлердің кандидатураларын бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары ұсынады немесе өз бетімен ұсынылады.
- Ұжымдық номинациялар бойынша БАҚ-тың уәкілетті органда есепке алынғандығы туралы куәлік нөмірін көрсету арқылы, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі өтінім береді.
- Бір үміткер екі не одан көп номинацияға ұсынылмайды.
- Конкурсқа 2024 жылғы 1 қаңтардан 20 маусымға дейінгі аралықта қазақ және/немесе орыс тілінде шыққан немесе жарияланған материалдар қабылданады.
- Конкурска жіберілген материалдар келесі форматта болуы мүмкін:
- видеоматериалдар;
- мәтіндік жарияланымдар;
- фотосуреттер.
1 қосымша
ҚАТЫСУҒА арналған өтінім |
|
Өтінім беруші (Т.А.Ә. баспа әріптерімен толығымен)/фотосуреті* |
|
Жұмыс орны (БАҚ атауы) |
|
Өтінім берушінің электронды мекен-жайы, телефоны |
|
Қатысатын номинация атауы |
|
Байқауға ұсынылатын материалдар саны: - мәтіндік мақалар - _____ бірлік; - видеоматериалдар - _______ бірлік; - фотосуреттер - ________ бірлік
|
|
Байланыс телефондары |
|
Өзге ақпараттар (резюме) |
|
*форумға арналған презентациялық материалдарда пайдалану үшін жақсы сапада түсірілген фотосурет.