KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Риддерде шаңғы-роллер трассасы салынып жатыр

фото: depositphotos.com

30.05.2024, 11:12 127 Нұржан Кенжеұлы

Риддерде шаңғы-роллер трассасының құрылысы басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Байжұменов айтты. 

Белгілі болғандай, ұзындығы 1,2 шақырымға жететін трассаның жалпы құны 178 миллион 789 мың теңгені құрайды. Нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

– Бұл бағыттағы жұмыстар басталып кетті. Алдымен жер бөлу, жоспарлау іс-шаралары атқарылды. Бұдан соң трассаны салу жұмыстары жүргізіле бастады. Бүгінде жолдың алғашқы қабаты, яғни қиыршық тас төсемі төселді. Шамамен келесі аптада трассаны асфальттау және жарықтандыру жұмыстары қолға алынуы керек. Өздеріңіз білесіздер, Риддер еліміздегі қысқы спорт түрлерінің отаны саналады. Алайда, жазғы маусымда шаңғышыларымыз бірақ қиындыққа тап болатыны жасырын емес. Өйткені, қалада спортшылардың жаттығуына жөнді жағдай жасалмаған. Ал шаңғы-роллер трассасы салынғаннан кейін, осы бір мәселенің де күрмеуі шешілуге тиіс. Бұған қоса, жаңа нысанда республикалық жарыстар өткізуге де мүмкіндік туады. Трасса барлық халықаралық стандартқа сәйкестендіріліп салынады. Биатлоншыларға арналған атыс алаңы да болады, – деген Мұрат Байжұменов нысанды биыл пайдалануға беріп, жыл соңына дейін алғашқы жарыстар өткізу деп жоспарланып отырғанын мәлім етті.

Облыс басшылығының тікелей тапсырмасы бойынша салынып жатқан шаңғы-роллер трассасы спортшыларға ғана емес, жалпы бұқараға да қолжетімді болмақ. Ауқымды жоба шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға тың серпін беріп, талантты жастарды анықтауға ықпал етері анық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив