Instagram қолданушыларын жеке куәлігі арқылы тексеретін болды
Танымал әлеуметтік желі енді жаңа мүмкіндік ұсынбақшы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сервистің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кейбір желі қолданушылары жеке бастарын куәландыратын құжат арқылы тексеруден өте алады.
Тексеруден өту үшін қолданушылардың аккаунттары сервистің нормалары мен ережелеріне сай болуы керек, ал аккаунт иесі өзінің толық аты-жөні мен жеке бас куәлігі немесе паспортының көшірмесін ұсынуға тиіс.
Таратылған хабарламада әзірше тексеруден барлық аккаунттар өткізілмейтініне баса назар аударылып отыр.
Оқи отырыңыз