Семейде "Мектепке жол" акциясы мешітте өтті
Семейдің қалалық қос мұнаралы орталық мешітінде "Мектепке жол" акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан жүзге жуық балаға оқу құралдары мен сөмкелер табыс етілді.
Бұл игі бастама - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкілдігі және «Уақып» Қазақстандық корпоративтік қайырымдылық қорының тікелей қолдауымен жүзеге асып отыр.
Шара барысында мешіттің бас имамы Мақсат Қуанышбекұлы әрбір оқушыға жаңа оқу жылында тек сәттілік тілеп, есейгенде өзгелерге қамқорлық жасап, мейірімді істерді көптеп жасау керектігін тілге тиек етті.
Оқи отырыңыз