Ертеңнен бастап Өскеменнің мұз айдындары ашылады
Өскемен тұрғындары үшін 3 мұз айдын жұмыс істейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиналыста айтылды.
Мұз айдынның үлкені – «Алтай» 13 желтоқсанда сағат 11:00-де ашылады. Жылдағыдай конькиді бір сағатқа 500 теңгеден жалға алуға болады. Ал өзінің конькиімен келгендерге тегін. Стадионда кафе мен әжетхана да болады. Әуен ойналып тұрады.
Жұмыс кестесі:
Дүйсенбі күні 13:00 – 23:00;
Сейсенбі-жұма күні 11:00 – 23:00;
Демалыс күндері 10:00 – 23:00.
Айта кетейік, жексенбі сайын сағат 13:00-де қызықты ойындар ұйымдастырылады.
Комсомол аралындағы мұз айдын 15 желтоқсан күні, ал Самал саябағындағы (Октябрь аралындағы) мұз айдын 16 желтоқсанда ашылады.
Бұл жерлердегі жағдай да дәл «Алтадағыдай». Жылыту бекеті, әжетхана, жарық...