KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, В
488.91 532.62 5

Семей тұрғыны полицейлерге танкінің пулеметін өткізді

23.11.2018, 05:04 197



Елімізде халықтың қолындағы қару-жарақты, оқ-дәріні сатып алу акциясы жүріп жатқаны белгілі. Қаруды өткізуден Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар облыстарынан біздің аймақ та қалыспай келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жерлестеріміз өткізген қарулардың ішінде неше алуан түрлісі бар. Көбі Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған мылтықтар.


– Көбі тарихи, мәдени құнды қару-жарақтарды өткізіп жатыр. Мәселен, жуықта Семейдің азаматы танкінің пулеметін алып келді. 1836 жылы Итальяда шыққан алтыатарр «Наган» алып келген де адам болды. Көбіне 50-60 жылдарда шыққан тегіс ұңғылы қарулар келді. Біз мұндай қаруларды қабылдамас бұрын егжей-тегжей тексеріп аламыз. Құнды жәдігер саналғандарын мұражайларға өткіземіз, – деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов.


Акция 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде 1700-дей адам ерікті түрде қару өткізген екен.


Қару-жарақ өткізген адам 24 мыңнан бастап, 240 мың теңгеге дейін сыйақы алатындығын ескертейік.


– Жарақаттайтын қару өткізгендер – 24 мың теңге, иір ойықты мылтық өткізгендер – 124 мың теңге, тегіс ұңғылы мылтық өткізгендер 70 мың теңге шамасында сыйақы алады. 240 мың теңгелік сыйақы автоматтық қаруларға беріледі, – деді Марат Байболов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив