KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Қару-жарақ үшін 27 миллион теңге бөлінді

1.10.2013, 18:00 136


Шығыс Қазақстан облысына заңсыз қару-жарақтарын полиция органдарына өз еркімен өткізген тұрғындарға сыйақы төлеу үшін 27 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындардан заңсыз қару-жарақты сатып алу акциясы 1-қыркүйекте басталған болатын. Осы уақыт аралығында шығысқазақстандықтар құқық қорғау органдарына 292 дана қару өткізіп үлгерді. Олардың 45-сі иір ойықты мылтық, оның ішінде біреуі шолақ мылтық. Тапсырылған 247 тегіс стволды қарудың 4-уі шолақ мылтық, бұдан басқа иір ойықты мылтыққа арналған 2094 патрон өткізілді.

Қару-жарақ өткізген азаматтарға сыйақылар акция аяқталған соң төленеді.

Аталмыш акцияның 31-қазанға дейін ұзартылғанын естеріңізге сала кетеміз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив