KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 4 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да азаматтық форум өтті

19.10.2018, 10:34 196



Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту, азаматтық қоғам институтын дамыту мәселелері Шығыс Қазақстан облысының азаматтық форумында сөз болды. Ел Президенті өзінің таяудағы Жолдауында үкіметтік емес ұйымдарға халықтың тұрмысының сапасын арттыру және өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру саласында маңызды міндеттерді жүктегені белгілі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


- Бұл өте маңызды форум.Өйткені қоғамдық сектор мемлекеттік билік пен атқарушы органдардың тұрғындардың игілігі үшін қызмет етеуіне игі ықпал етеді. Аймақта «Азаматтық альянс»,«Зубр», «Невада-СемеЙ» сияқты қоғамдық ұйымдар жиырма жылдан бұрын құрылса, жаңадан қосылып жатқан жас ұйымдар да бар. Биыл әлеуметтік жобаларды іске асыруүшін облыстық бюджеттен 650 млн. теңгедей қаражат бөлінді. Ал осыдан екі-үш жыл бұрын үшінші секторды қолдауға 300-400 млн.теңгенің көлемінде қаражат құйылған еді. Алдағы уақытта біз үкіметтік емес ұйымдардың қызметін өмірдің барлық саласында көргіміз келеді. Елбасы өз Жолдауында реформаларды жүзеге асыруға тұрғындарды кеңінен тарту жөнінде тапсырма берді. Бұл атқарушы билік пен азаматтық қоғамның өкілдері бірлесе жұмыс істегенде ғана мүмкін, - деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.


Облыста әділет органдарында 741 қоғамдық бірлестік тіркелген. Алайда олардың 30 пайызы немесе 200-ден астамы ғана нақтыжұмыс істейді. Қоғамдық ұйымдардың басым бөлігі Өскемен, Семей және Риддер қалаларында шоғырланған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар негізінен төрт салада: ішкі саясат, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, дін істері басқармалары тарапынан іске асырылуда.


Әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс тақырыптарының тең жартысы негізінен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары бойынша қалыптастырылады.


-Менің ойымша, басқа өңірлермен салыстырғанда, Шығыстың коммерциялық емес ұйымдарының потенциалы өте жоғары.Сіздерде елімізге танымал ҮЕҰ, сарапшылар да бар. Енді республикалық деңгейге шығу керек. Жер-жерлерде өтіп жатқан азаматтық форумдарда айтылған ұсыныстармен пікірлер жыл соңында Астана қаласында өтетін республикалық Азаматтық форумда қаралатын болады. Оның мақсаты - мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық бірлестік арасында конструктивті диалог орнатып, еліміздегі азаматтық қоғам институтын дамыту,– деді форумда «Қазақстан Азаматтық Альянсы» ЗТБ директоры Диас Лима.


Отырыста бір кездері мемлекеттік тапсырыс алу үшін ғана құрылып, соңынан іс-әрекетсіз қалған үкіметтік емес ұйымдарды анықтау, оларды есептен шығару жұмыстары қолға алынғаны айтылды.


- Өңірде тіркелген, бірақ жұмыс істемейтін қоғамдық бірлестіктерге қатысты 22 хаттама толтырылып, сот орындарына жіберілді. Әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде 17 ескерту шығарылды.Сараптамалардың нәтижесінде тек нақты жұмыс істейтін белсенділер ғана қалады, -деді облыстық ішкі саясат бақармасының басшысы Ирина Смит. - Сонымен қатар біз қоғамдық сектордың жұмыс бағыттарын және аумағын кеңейтуді де көздеп отырмыз. Бүгінгі таңда облыстағы 19 аудан мен қалалардың тек сегізінде ғана үкіметтік емес ұйымдар төрт салада жұмыс істейді.


Жобалардың презентациясы кезінде "Zhas project" жобасының жетекшісі Серік Жүнісов өз бағдарламалары туралы айтып берді. Бұл жоба негізінен жұмысы,оқуы жоқ ауыл жастарына арналған екен. Әлеуметтік жобаны жастардың өздері жазып, қорғайды. Бүгінгі таңда өңірдің жастар саясатына 102 жоба бойынша 286 млн. теңге бюджеттік емес қаржы тартылыпты. Бағдарлама Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Білім және Ғылым министрлігінің бірлескен жобасы.


-Мысалы, екі-үш жас жиналып, қымызбен емдейтін орталық ашқысы келеді делік. Бірнеше жылқы сатып алып, қымыз өндіреді,шипалы сусынмен өкпе дертіне шалдыққандарды емдейді. Қуаныштысы – жобалардың 70 пайызы ауылға бағытталған. Аудандардың арасында әзірге Алтай мен Зайсан аудандарының жастары белсенді. Жобалар Халықаралық қайта құру және даму банкі арқылы қаржыландырылады. Грант ұтып алғандар 40-60 мың теңге аралығында шәкіртақы алады. Бөлінген қаражаттың тиімді әрі мақсатты пайдалануына аймақтық үйлестіру органы бақылау жасап отырады. - деді белсенді жас.


Форум күнінің екінші жартысында жетекші қазақстандық қауымдастықтар өкілдері, халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылардың қатысуымен тренингтер ұйымдастырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив